$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстандық танымал спортшы биліктің былығын ашып айтты

Ережесіз жекпе-жектен ММА бойынша Қазақстанның танымал спортшысы Қуат "Найман" Хамитов елімізде тұрғындарды уақытша тіркеуге алу туралы заңның енуіне қарсылық білдіріп, билікті өткір сын астына алды. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазған.

Спортшының осынау ойы бір тәулік ішінде ең көп талқыланған жазбалардың біріне айналды, оған 300-ден астам адам пікір білдірген.

"Біздің елде проблема өте көп: оларды санап шығу үшін менің де, менің достарымның да саусақтары жетпейді. Ауылдар өліп жатыр, барлық жерде жұмыссыздық, қысқартулар жүріп жатыр. Азық-түліктің, коммуналды қызмет түрлерінің, жалпы бәрінің бағасы қымбаттауда. Байғұс зейнеткерлер айлап аштықта күн көруге мәжбүр. Алматыдан 100 шақырым ұзап шықсаң мүлдем басқа өмір - жолдар 45-ші жылдан бері жөнделмеген. Жастар ішкішке айналып барады. Өлімнің, қылмыстың саны артуда. Жұрттың бәрі қалаға қарай қашып жатыр, аштан өлмес үшін. Енді осының бәрінен кейін тұрғындар өз елінде жүріп-тұрғаны үшін тағы ақша төлеуі керек пе??? Құдай атымен ант етемін, егер мені кімде-кім тіркеу мәселесі бойынша мазалайтын болса мен оны сол жерде көміп тастаймын. Қазақстан мұнайы, алтыны, газы, күмісі, ураны, мысы, алюминий, көмірінің қоры бойынша әлемдегі алдыңғы қатарда тұр. Халық оның қызығын онсыз да көріп отырған жоқ. Енді осыған қарамастан бұлар халықты тағы тонағалы отыр ма??? Нағыз патриот "Алға Қазақстан" деп бос айқайлайтын адам емес, ол - халқының ауыртпашылығын сезіне алатын адам! Біздің елде осыншама проблема бар, ал бұлар тағы да заң ойлап табуда", - дейді әйгілі палуан Қуат Хамитов.

Еске сала кетейік, Қазақстанда «Экстремизм мен терроризмге қарсы бірқатар заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы Заңға қол қойылған болатын. Аталған Заң бойынша азаматтардың уақытша мекенжайы бойынша тіркеуге тұруы міндеттеліп отыр. Сонымен қатар, пәтерді жалға берушіге де, алушыға да рұқсат қағазы болмаса, айыппұл салынатын болады. Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, мұндай шара заңсыз пәтер жалға берушілер санын азайтып, ішкі миграцияда есеп жүргізуге себеп болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары