$ 446.49  475.38  4.79

Қырғыздар қазақтың асын ішіп, ыдысына түкірді (ВИДЕО)

Жыл сайын Астанаға алақан жайып келетін қырғыз ағайындар қазақтан көрген бар жақсылығын ұмытып кеткендей. Мұндайды атам қазақ "асын ішіп, ыдысына түкірді" деп айтады. Яғни, алақан жайып келіп, қалтасын томпайтып кететін көршілеріміздің қазаққа деген пейілі көңілге қаяу түсіріп отыр.

Күні кеше Facebook әлеуметтік желісін қолданушылардың бірі Қырғызстанда болған айтыстың үзіндісін өз парақшасында жариялады. Онда қырғыз ақыны Аалы Тұтқышев өз жерлесімен айтыса отырып, қазақтарды "оңбаған", "маңқа" деп балағаттайды. Балағаттап қана қоймайды, "төріміз бен көлімізді тартып алды" деп және айыптайды.

Күні кеше кеден бекеттерін жаңартып алсын деп Қазақстан үкіметі Қырғызстанға 100 миллион долларды қайтарымсыз бере салғаны әлі есте. Сыйға тартты. Не деген мәрттік десеңізші?! Өз халқы баспанасыз, аш-жалаңаш отырса да біздің мәрт үкімет біреуді жарылқауға шебер. Ертең Атамбаев Астанаға тағы алақан жайып келсе және Елбасының артына тағы көпшік қойса бұл билік 100 миллионды тағы сыйға тарта салмасына кім кепіл? Онсыз да бірер жыл бұрын Атамбаев дәл осындай тәсілмен Назарбаевтан қомақты ақша алып кеткен болатын.

Жалпы, көрші мемлекеттер арасында қазақты басынбаған тек қырғыздар ғана еді. Енді олар да асымызды ішіп, ыдысымызға түкіріп кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары