Бірнеше күннен бері Ақтауда жұмысшылардың аштық жариялап отырғаны бұған дейін хабарланған болатын. Наразы топ "ҚР Тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының" жабылуына қарсылық танытуда. Алайда, осы іс бойынша журналистік зерттеу жүргізген "Қазақстан" телеарнасының тілшілері жұмысшылардың негізгі мақсаты әлеуметтік мәселе емес, миллиондаған қаржыдан айрылмаудың амалы екенін анықтағандай.
Олай деуге себеп бар. Аталған кәсіподаққа мүше шымкенттік мұғалімдер осыдан біраз уақыт бұрын 28 миллион теңгенің жоғалғанын айтып дабыл қаққан еді. Құзырлы органдардың тексеруінен кейін осынау қаражаттың расымен де жаратылып кеткені анықталды. Мұнан кейін конфедерацияның басшысы Лариса Харькова одақтың жабылғанын айтып, Шымкентте баспасөз мәжілісін өткізді. Артынша, Ақтауда бірнеше жұмысшы аштық жариялап, конфедерацияны сақтап қалуды талап етті. Өйткені, кәсіподақ мүшелері арқылы аталған конфедерация жыл сайын 33 миллион теңгеден астам жарна түсіреді екен. Бұл ақшадан айрылған кәсіподақ басшылары әрине, аштық жариялаудан басқа амал таппаған сияқты.
Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп, ақша табуды әдетке айналдырғандар осылайша ел назарын өздеріне аударып, уысынан шығып кеткен табыс көзін қайта қалпына келтірудің амалын жасап жатқан секілді дейді телеарна тілшісі.
Толығырақ бейнерепортажда.