$ 494.87  520.65  4.91

Серік Ахметов рақымшылыққа ілініп, мерзімі қысқарды

Экс-премьер-министр Серік Ахметовтің жаза мерзімі рақымшылыққа байланысты қысқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Абай аудандық соты Қарабас ауылындағы 159/18 колониясында рақымшылық мәселесін жабық тәртіпте қарады.

"Серік Ахметовке қатысты өтелмеген жазасының қалған төрттен бір бөлігін "ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" ҚР Заңының күшіне енуіне байланысты қысқарту туралы өтініш келіп түсті. Өтініш Ахметовтің өтінішіне байланысты түсірілген. Сотталған Серік Ахметовтің өтелмеген жазасының төрттен бір бөлігі, яғни 1 жыл 7 ай 11 күнге қысқартылды, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне Абай аудандық сотының БАҚ жөніндегі координаторы Ардақ Жұмашев.

Соттағылардың айтуынша, Серік Ахметовтің ендігі жазасының мерзімі - 4 жыл 10 ай.

Еске салайық, сотталған Серік Ахметов мемлекетке келтірген шығынның 2,2 миллиард теңгесін өтеп қойды. Осыған байланысты сот оның жаза мерзімін он жылдан сегіз жылға дейін қысқартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары