$ 445.66  474.58  4.78

Бердібек Сапарбаев балалардың тойда ән айтуына қарсы екенін білдірді

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мектеп оқушыларының тойларға барып ән айтуына қарсы. Өзінің ұстанымын өңір басшысы облыстағы жас талантты баланың ата-анасына мәлімдеген деп жазады "Тілші" ақпараттық порталы.

"Сіздің балаңыз шамамен 13-15 жас аралығында болар. Бұл баланың дауысы өзгеретін жас. Ұлыңыздың дауысына ерекше мән беру қажет", - деді Б.Сапарбаев әнші баланың анасына. Әкім жалпы балалардың тойда ән салуына қарсылығын да білдірді.

"Талантты балалар әр жерде бір өнер көрсетіп жүр, бірақ үйлкен сахнаға шыға алмайды. Өнер адамы өзін сақтау керек қой. Оның үстіне, қазақта көз тию деген ырым бар. Сол үшін мен мұндай кішкентай таланттардың тойларда ән шырқауына қарсымын", - дейді облыс әкімі.

Өнер қайраткері Орал Байсеңгір де Бердібек Мәшбекұлының пікірімен келісетінін айтып отыр. Оның пікірінше талантты балаларды кәсіби тұрғыда дамыту керек. Ал, ол үшін елде барлық жағдай жасалған. ҚР Еңбегі сіңген қайраткер, әнші Свтелана Айтбаева да осындай пікірде. Жастардың дауысы ерекше күтімді қажет етеді дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары