Qazkom "Халық банкімен" алдын ала келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Казкоммерцбанк" АҚ және Кеңес Рақышев "Қазақстан Халық банкі" АҚ-мен ККБ мен Халық банкінің арасындағы алда жасалуы мүмкін делінген келісімге қатысты алдын ала келіссөз жүргізіп жатыр, келіссөз алғашқы кезеңде", - деп хабарлады Qazkom баспасөз қызметі.
Qazkom өкілдері ендігі мәліметтің қажет болған жағдайда сәйкес мерзімде хабарланатынын айтып отыр.
Еске салайық, осыған дейін осыған дейін БАҚ-тар өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, қазақстандық екі ірі банктің бірігетінін хабарлаған еді. Алайда сол кезде БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Сергей Чикин Qazkom-ның бірігу туралы ұсыныс жасамағанын және мұндай мәліметті "Халық банкінен" алмағанын хабарлаған еді.
"Халық банкі" АҚ-мен бірігеді деген БАҚ-тарда пайда таралған қауесеттерге байланысты "Казкоммерцбанк" АҚ хабарлайды: ККБ бірігу туралы ешқандай да ұсыныс жасаған жоқ және "Халықтан" ұсыныс алған жоқ және екі банктің арасында қандай да бір бірігу туралы келіссөздер жүргізген жоқ", - деген еді Чикин.