$ 498.34  519.72  4.85

Абай мен Шəкəрімді бетіндегі қылы үшін емес, сөзіндегі ақылы үшін жақсы көреміз — Айдос Сарым

Дін мен имандылық сақалмен өлшенбеуі тиіс. Танымал саясаттанушы Айдос Сарым осылай дейді.

Ол әлеуметтік желілерде отырып, Абай мен Шәкәрімнің сақалын қалқан етуді әдетке айналдырған «діндарларды» ұлтты бөлуде деп айыптап отыр.

«Кейбір əсіре діншіл адамдардың əлемжелідегі ұстанымы мен логикасы қайран қалдырады. Сақалды айтып шыға келеді. Ойбай, Абай, Шəкəрім сақал қойған деп... Құдай-ой! Мəселе сақалда емес қой. Екі жақты фетишизм боп кетті шынымен! Мəселе дін мен дəстүрде! Абай мен Шəкəрім қазақтығынан айрылмаған, дін мен дəстүрді ең алдымен жүрегінде, жанында табыстыра білген, соны насихаттаған! Маған десе біздің кейбір жігіттер сақал түгілі мүйіз қойып, құйрығын өсірсін! Шаруам жоқ! Тек қазақ арасына жік салып, қазақтың тарихы мен дəстүріне шабуылын тоқтатып, ұлтты бөлгенді қойса болды. Абай мен Шəкəрімді бетіндегі қылы үшін емес, сөзіндегі ақылы үшін жақсы көреміз, құрмет тұтамыз ғой», - деп жазды Айдос Сарым өзінің Facebook-парақшасында.

Айта кету керек, дәстүрлі емес ислам ағымдарын ұстанушылар қазақтың ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрі мен наным-сенімдерін жоққа шығарады. Сонымен қатар, ғұлама-данышпандарымыздың ілім-ғылымдарын да оқымауға кеңес беретін «діндарлар» көп. Алайда, халықтың қарсылығына тап болғандықтан соңғы уақытта олар сол ғұламаларды өздеріне "қалқан" етуді әдетке айналдырып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары