$ 494.87  520.65  4.91

Назарбаев 26-бапқа өзгеріс енгізуде халықтың 70 пайызы қолдағанын айтып отыр

Кеше ғана ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков Конституцияға енгізілетін өзгерістерге қатысты халықтан 6 мыңнан аса өтініш келіп түскенін Елбасының алдында баяндаған еді. Оның айтуынша, осы өтініштердің көбі 26-бапқа қатысты екен. Яғни, аталған бапты өзгеріссіз қалдыруды сұрағандардың саны басым.

Алайда, дәл қазір Парламенттің қос палатасының бірлескен жиынында Мемлекет басшысының өзі 26-бапқа өзгеріс енгізуді жақтаушылардың саны өте көп екенін, яғни халықтың 70 пайызы қолдап отырғанын мәлімдеді.

"Ерекше атап өткім келетіні, бүкілхалықтық талқылау барысында барлық ұсынысқа қолдау болғанын айтуға болады. Халықтың 70 пайызы 26-бапқа өзгеріс енгізуді қолдады, алайда басқа да пікірлер болды. Бұл мәселе мүлікке қатысты. Кейбіреулер мүлікке ие болуды тек жерге иелік ету деп түсінді. Себебі жер реформасы туралы заңды қабылдауда мәселелер болды. Осы мәселе бойынша жалпыға ортақ бір пікірдің болғаны жөн. Әрбір саяси шешім салмақталған болып, халықты біріктіретін, келісімді қуаттайтын және халықты бір мақсатқа біріктіруге арналуы үшін 26-бапты өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Айтуынша, конституциялық реформа қазақстандық қауымдастықты біріктіруге арналған.

"Әрқалай түсіну Конституцияның 26-бабына өзгеріс енгізуге алып келді. Ал конституциялық барлық реформа қоғамның бірігуіне арналған, сондықтан 26-бапты өзгеріссіз қалдыруды ұсынамын, оның үстіне мұның айрықша ықпалы болмайды. Біз мүлік туралы айтқанда оның жерге теңдікті ғана білдірмейтінін түсіндіруіміз керек. Әрбір адамның түрлі мүлкі болады: баспанасы, жері, жылжитын, жылжымайтын мүліктері. Мүлік мәселесіне барлығы кіреді. "Әрбір" десек, онда "азаматтар" деген сөз қалады, барлық заңгер қолдады, себебі бұл елімізге түсіп жатқан инвестицияны қамтамасыз етеді, инвесторларымыз бен қазақстандықтардың сенімін арттырады. Бірақ асықпауымыз қажет, жұмыс істеу керек, осы мәселеде консесус болуы тиіс. Түсіндіру керек", - деді Президент.

Айта кетейік, Конституцияның 26-бабының бірінші тармағында "Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады" делінген. Ал, өзгертілген нұсқасында "Қазақстан Республикасының азаматтары" деген тіркес "әркім" деген сөзбен алмастырылған. Ел тұрғындарының көбі бұл өзгеріске қарсылық білдіріп, Ақордаға ұсыныстарын жолдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары