$ 494.87  520.65  4.91

Ерлан Сағадиев ҰБТ-дан «Қазақ тілінің» алынып тасталуына қатысты түсінік берді

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҰБТ-дағы қазақ тіліне қатысты өзгерістерді түсіндіріп берді. Бұл туралы ведомство басшысы Үкіметте өткен жиын барысында журналистерге берген сұхбатында айтты.

«12 жыл бойы орыс мектептерінің түлектері қазақ тілін ҰБТ аясында тапсырып келген болса да, оның нәтижелері есепке алынбаған. Тіл білімін бағалау нәтижелері грантты алуға ықпал етпеген. Сонымен қатар, мектеп түлектерінің бір бөлігі қазақ тілін тест негізіндеа емес, мектепте әзірленген билеттер бойынша тапсырған», - дейді министр.

«ҰБТ екі кезеңге бөлінуі себепті, сондай-ақ, биылғы мектеп түлектерінің 100 пайызы қазақ тілін тапсыруы мақсаты қойылып отырғандықтан, аттестатты алу үшін әрбір түлек экзамен тапсырып, тіл білімін тестілеу қорытындылары бойынша сәйкес бағасын алуы тиіс», - деп қорытты Сағадиев.

Айта кетейік, ҰБТ-дан "Қазақ тілі" пәнінің алынып тасталуы кешелі бері қоғамда үлкен шу туғызып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары