$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстан халқы қартайып келеді

Қазақстандағы қартаю көрсеткіші өсіп жатыр. Бұл туралы Ranking.kz сарапшылары жүргізген зерттеуден кейін белгілі болды деп жазады Tengrinews.kz. Сарапшылардың мәліметінше, соңғы екі жылда (2015-2016 жылдары) елімізде әрбір 100 балаға жасы 65-тен асатын 26 адам келген (индекс - 25,9).

Еске сала кетсек, осыған дейінгі 5 жылда қартаю көрсеткіші қысқарған болатын. 2009-2014 жылдар аралығында көрсеткіш 28,3-тен 25,7-ге дейін қысқарды. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта бұл туу көрсеткішінің төмен болуымен байланысты болып отыр.

"2016 жылы туу коэффициенті 19 өңірдің тек 5-інде көбейген. Дегенмен, Қазақстан қалаларында қартаю көрсеткіші ауылдық аймақтардан жоғары. 2016 жылғы көрсеткішке қарағанда, әрбір 100 балаға 29 қарт адам келген. Бір жыл бұрын бұл индекс 29,2 болған еді, ал 7 жыл бұрын 34,1 болды", - делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, Астана Алматыға қарағанда жас қала. Елордада 2016 жылдың қорытындысы бойынша қартаю индексі 15,6-ға тең болды. Ал, Алматыда бұл көрсеткіш екі есе жоғары болып тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары