$ 448.15  483.46  4.86

Блогер: «Б.Тілеуханмен суретке түскен қазақтар қамалып жатыр, депутаттың өзі неге үнсіз?»

6 қараша күні отандық ақпараттық порталдар Қытайдағы қазақтардың тұтқындалғаны туралы ақпарат таратқан болатын. Сол ақпаратта ұсталған қандастарымыздың бұған дейін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханмен бірге суретке түскендері де жазылыпты. Танымал блогер әрі заңгер Айгүл Орынбек осы жайтқа қатысты Б.Тілеуханның өзінен арнайы мәлімдеме жасауын талап етіп отыр.

«Бұл ақпараттың шыққанына он күндей болды. Əшейінде əу дейтін ағам, бұл жолы үнсіз отыр. "Əрбір қазақ жалғызым" деп шырылдайтын ағама бұл əңгіменің жетпеуі мүмкін емес! "Қазақ квестраның құрбаны болып жатыр" деп парламент төрінде сөйлеген ағам "Қазақ қытайлардың құрбаны болып жатыр" деп неге сөйлемейді? Əлде саясаттың құрбаны болып кетуден қорқып отыр ма? Ұлты мен елі əндерінен түспейтін, халықтың батасымен мінберде отырған ағам бұл жолы үндемей қалса халық алдындағы беделін сын. Жер дауында үндемегенді кешірдік, енді ұлт дауында бұл кешірілмейді» , - деп жазды А.Орынбек өзінің Facebook-парақшасында.

Еске салайық, Бекболат Тілеуханмен бірге суретке түскен қазақтардың ұсталып жатқаны туралы ең алғашқы ақпарат 1 қараша күні Radio Free Asia порталында жарияланған болатын. Қазақстандық БАҚ өкілдері оны 6 қараша күні таратты. Аталған материалда қазақ депутатымен суретке түскен 20 шақты қазақтың тұтқындалғаны жазылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары