$ 498.34  519.72  4.85

Заңгер түрік пен арабқа тұрмысқа шыққан қыздарға кеңес берді

Таныман шымкеттік блогер әрі заңгер Айгүл Орынбек өзінің Facebook-парақшасында түрік пен арабқа күйеуге шыққан қыздарға ақыл-кеңесін жазды.

Оның пікірінше, қос ұлттың да жігіттері ажырасқан жағдайда ұл-қыздарын ешқашан анасына бермейді екен.

«Жақында Түркиядан бір қазақтың жігіті хабарласты. "Əпке бір қазақтың қызына сіздің көмегіңіз қажет" дейді. Не болды деп сұрасам, қыз сегіз жыл тұрған түрік күйеуімен ажыраспақшы екен. Бірақ балаларды күйеуі берметінін айтыпты. "Елшілік заңгер жалдап көмек бере алады ма?" дейді. Елшілік ерігіп жүреді дедім ішімнен. Байға тиетін кезде елшіліктен рұқсат сұрап тиіпті ме? Ол елшіліктің проблемасы емес. Жарайды тиді дейік, бірақ түрік, араб жігіттері қазақтың кейбір сорлы еркектері сияқты емес. Олар ұрпағын қаңғыртып қоймайды. Олар балаларын анасымен жіберіп қоймайды. Өзің аман-есен сау еліңе оралсаң да риза боласың», — деп жазды А.Орынбек.

Айта кетейік 2016 жылғы статистикаға көз жүгіртсек, елімізде 6687 аралас неке тіркелген екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары