Танымал әнші Алтынай Жорабаеваның күйеуі Сәбитпен ажырасқаны туралы бұған дейін де аз айтылған емес-тін. Күні кеше отандық телеарналардың біріне сұхбат берген Алтынайдың өзі шаңырағы осыдан үш бұрын шайқалғанын, содан бері ешкімге тіс жармағанын мәлімдеді.
Неге екені белгісіз, Сәбит Әбдіқалықов әйелінен ғана емес, 4 бірдей қызынан да бас тартқан секілді.
«Қыздарды көрмегендеріне бір жылдан асып кетті. Келіп, бір жаққа барамыз десе, мен ешқашан қарсы болған емеспін. Қайта-қайта өзіміз іздеп бара бермейміз ғой. Дұрыс па?», – дейді әнші сұхбатында.
Алғашқыда Алтынай Сәбитпен арадағы жайсыз жағдайды дүйім жұртқа жариялағысы келмеген. Тіпті, осыдан 3 жыл бұрын шаңырағы шайқалған жанұяны Жорабаева күні кешеге дейін сыр қылып сақтап келгенін айтады.
«Мен оның бәрін айтпауыма да болатын еді. Көп адам сол сұрақты қоя бергеннен кейін «иә, ажырасқаным рас» деп айттым. Өйткені 3 жылға жақындап қалды. Басталғаннан айтатын болсам, баяғыда білу керек еді бәрі», – дейді төрт баланың анасы.
Ер азаматына қанша ашуланса да, Алтынай экс-күйеуінің азаматтық намысына нұқсан келтіруге құлықты емес. Әнші үшін ең бастысы – төрт баласының әкесі аман жүрсе болғаны.
«Қыздарымның әкесі ғой қандай болса да. Аман болсын. Үлкен қызметте, оның жұмысына зиянымыз тимеуі керек бір жағынан», – дейді Жорабаева.
Айта кетейік, Сәбит пен Алтынайдың ортақ некесінен 4 қызы бар. Бүгінде Әдбіқалықов Алматы қаласында, Ал Жобараева елордада өмір сүріп жатыр.