$ 448.56  478.03  4.79

Астана Қытаймен қазақ диаспорасы бойынша кеңесіп жатқанын хабарлады

Астанада Қазақстан мен Қытайдың дипломатиялық ведомство өкілдерінің кезекті кеңесі өтті. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің (СІМ) хабарлауынша, кеңес Қытайдағы қазақ диаспорасына қатысты болған және "осы елдегі этникалық қазақтардың "түрлі мәселе бойынша жиі шағымдана бастауына байланысты" өкізілген деп жазады Азаттық.

27 қарашада Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэймен кездескен. Осы күні Қазақстан СІМ консулдық қызмет департаменті мен Қытайдың Астанадағы елшілігінің консулдық бөлімі басшылығы арасында "қазақ диаспорасына байланысты мәселелерді шешудегі өзара іс-қимыл" бойынша кеңес өткен.

Министрлік мәліметінше, 9 қарашада Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев Қытай сыртқы істер министрінің көмекшісі Ли Хуэйлаймен кездескен. Биылғы жылдың соңына дейін Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының (ШҰАА) басшылығымен кездесу үшін Үрімжіге бармақ.

Қытайдағы этникалық қазақтардың үкімет қысымына ұшырап жатқаны туралы алғашқы хабарлар 2017 жылдың көктемі мен жаздың басында шыға бастаған еді. Азаттық бұл тақырыптағы сериялы мақалаларының алғашқысын 2017 жылы маусымның 8-і жазды.

Этникалық қазақтардың туыстары оларға қарсы қандай айып тағылып отырғанын анықтай алмай отырғанын айтады. Бұл мәселе мұнан ары биыл маусым айында Астанада өткен Дүниежүзі қазақтары құрылтайында көтерілді.

Қазанның 31-і күні Астанадағы "Бейжің сарайы" қонақүйінде болған журналистермен кездесуінде Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Хань Хуей журналистер қойған сауалға орай "заңсыз әрекеттер болып жатқанын" мойындаған болатын. Ол Қытай коммунистік партиясының 24 қазанда аяқталған 19-съезі қарсаңында ШҰАА-да азаматтарды "қатаң қадағалау мен тексеру шаралары" жүргізілгенін айтқан.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары