$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбе мектебінде қара жамылған әйелдер қардың үстінде тұрып намаз оқыды

Ақтөбе мектептерінде хиджаб дауы сейілер емес. Осыдан екі-үш күн бұрын "діндар" ата-аналар облыстық әкімдік ғимаратына басып кіріп, Бердібек Сапарбаевпен кездесуді талап еткен болатын. Бұл әрекеттерінен түк шықпаған соң олар мектеп ғимаратының алдына барып, қардың үстінде тұрып намаз оқыды.

Аталған көріністің суретін әлеуметтік желіге шымкенттік заңгер Айгүл Орынбек жүктеді. Оның айтуынша, бқл оқиға Ақтөбе қаласындағы №56 орта мектепте болған.

«Мынау не енді? Осындай көзбояушылық кімге керек? Мектептің алдында намаз оқып, кімге не дəлелдемекші? Елімізді Сирияға айналдырмақшы ма? Неге тыныш жүрмейді? Қай ата-бабаң қара жамылған? Министр Ермекбаев мырза, еліміздің батыс жағын шұғыл қолға алу керек! Мыналар жақсылыққа алып бармайды! Депутаттар мыналарға қарсы заң қайда?», - деп жазды А.Орынбек өзінің Facebook-парақшасында.

Айта кетейік, оқушылар арасындағы хиджаб дауы елімізде соңғы бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Әр жаңа оқу жылы басталған сайын мектептерге хиджаб киіп келетін оқушылардың ата-аналары мен мектеп әкімдігі қырық пышақ болып айтысып жатады. Өйткені, оқу орындарына діни киім киіп келу заңмен шектелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары