$ 494.87  520.65  4.91

Полицейлер оқушы қыздарына орамал таққан ата-аналардың үйін аралауға шықты

Ақтөбедегі орамалға қатысты жағдай тек қалада емес, аудан орталықтарында да жақсы емес. Жағдайдың ушыққанын жергілікті билік енді ғана түсінді ме, әйтеуір кешеден бері теологтар мен полицейлер орамал тағатын оқушылардың үйлерін тізіммен аралап жүр. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алайда әзірге одан шыға қойған еш  нәтиже жоқ деп мәлімдейді 31 арна.

Террористік қақтығыстарды көздерімен көріп, қорқып қалған ақтөбеліктердің үрейі тым күшті. Қазір өңірдегі жағдайды жергілікті әкімдіктегілермен бірге дін қызметкерлері де реттеуді бастады.  Яғни дін жолында жүрген ата-аналармен мектеп формасына қатысты түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Облыстық дін істер басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, облыс бойынша мектепке бастарын бүркеп келетін 394 оқушының қазір 114-і орамалдарын шешкен. Алайда дін қызметкерлері сол оқушылардың 75 пайызы балиғат жасқа толмаған қыздар екенін айтады. Және бұл мәселе еліміздегі  Дінге қатысты заңдарға өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана бір жағынан шешілуге тиіс деп отыр.

— Исламда үш адамды жауапқа тартуға болмайды. Біріншісі балиғат жасқа толмаған бала. Екіншісі ұйқыда жатқан адам. Үшіншісі ақыл есі кем адам. Осы үш адамды жауапқа тартуға болмайды. Және ол міндеттелмейді де. Бес жасар балаға орамал таққызып қойған. Бұл ата-аналардың сұрап отырғандары, талап етіп отырғандары исламның да заңында жоқ нәрсе, — деді Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы басшысы Жолдас Қалмағанбетов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары