Бүгінгі сөз 20.02.2018 сағат 17:08

Мәжіліс депутаты көмек сұрап келген мұғалімге жекіп тастады

Мұғалімдер газетке мәжбүрлеп жаздыратын басшыларынан құтқаруды сұрады.Басылымдарға ай сайынғы жалақысынан жырып беруден шаршаған ұстаздар бүгін мұңдарын депутаттарға шақты.  Өйткені жергілікті жерлерде оларды тыңдар ешкім жоқ деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қарағанды облысы Осакаровка кенті №12 орта мектебі базасындағы тірек мектебінің орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Азат Игенов мұғалімдерге қатысты барлық былықтың бетін ашып, шындықты шырылдап айтты.

«Мұғалімдерді сенбілікке шығарады, қоқыс тазалатады, өзге қаладан, облыстан келген әртүрлі қонақ қатысатын есеп беру кездесулер кезінде залды толтыру үшін әкімдік бізді жинап алады. Сенен сұрамайды, құлақ кесті құлы секілді дөдеңдетіп ала жөнеледі. Мұндайда мұғалімдердің мәртебесін көтеру туралы айтудың не қажеті бар? Бұл өзекті, бізде бар мәселе. Одан соң мұғалімдерді жыл сайын республикалық, облыстық, аудандық газеттердің бәріне жаппай жаздыртады. Бұл мәселе көтерілсе де әлі бір шешімін таппады», — деді мұғалім.

Қарағанды облысынан келген жас мұғалімнің бұл сөзіне депутаттар селт ете қоймады. Тіпті депутат Бейбіт Мамыраев мың жерден жағымсыз болса да ол мұғалімдердің міндеті деп салды. Ал Білім министрлігінің айтуынша, газетке мәжүрлеп жаздыру, атқамінерлердің есебінде мұғалімдермен залды толтыру сияқты заңсыздықтарға әлдеқашан тыйым салынған. Алайда баяғы жартас сол жартас. Бұны шенеуніктердің өздері де мойындап отыр.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

- Білім және ғылым министрлігі ретінде заңда тиісті норма қабылданып, оны шектедік. Екіншіден, өзіміз бұйрық қабылдап, бұл мәселені өзіміз шектедік. Келесі мәселе, қоғамға жергілікті билікпен бірлесіп шешеміз деп ойлаймыз.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар