Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Руслан Түсіпбеков Қазақстандағы биліктің әкеден балаға мұра болып қалуы – елде феодализмнің қайта жандануына әкелуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол өзінің Facebook-парақшасында жазған.
Заңгердің пікірінше, қазір Қазақстанды басқарып отырған шенділердің балаларының басы билікке келіп қойды. Енді өзгелері ұмтылып жатыр дейді ол. «Бұл еліміздің болашағы үшін өте қауіпті» деп есептейді қоғам белсендісі.
«Ең қорқыныштысы, бүгін бізге еліміздегі байекеш балаларының ақыл айтып жатқандығында. Олар өмірінде өз еңбегімен бір тыйын таппаған сарыауыз балапандар. Олар тоқшылықта өсіп, жоқшылықты, қиындықты көрмегендер. Олар аш баланың көзіне қарап, ертең оларды немен асыраймен деп қиналмағандар. Олар иесіз қалған гараждарда компьютерлер жинақтап, өздері білім алған университетте локалдық жүйелер құрастырып, өз жобаларына жомарт демеушілер іздемегендер. Ең қорқыныштысы осы, бізді енді шенділердің балалары басқарғысы келеді. Басқарып та жатыр, қазір олар әкелерінің орнын басып, бірі министрдің, енді бірі депутаттың креслосына жайғасқан. Міне, осы ерке балалар ешқашан жоқшылық көрген емес, ашыққанда жоқ, апталап-айлап, жұмыс іздеген емес. Олардың қамсыз, тоқ болашағын ата-аналары әлдеқашан жасап қойған. Иә, олардың әкелері қалай да болса сыйлауға тұратын азаматтар еді – олардың көпшілігі табысқа өз қолымен жеткендер. Әлбетте, "сүттен ақ, судан таза" болмаған шығар, бірақ олар қулықпен, алдаумен болса да билік шыңына шыға білді. Алайда біз олардың балаларын, ұрпағын не үшін құрметтеуіміз керек? Жәй, сол шенділердің баласы болған үшін бе? Міне, осындай данагөйлермен бірге жабайы феодалдық заманға құлдырап бара жатқаныңды түсінгенде, қорқыныш үрейге ұласады» – дейді заңгер.
Дереккөз: 365info.kz