$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар облысында қазақтарды қырған «қызыл империя» көсемдерінің аллеясы бар (ВИДЕО)

Талдықорған тұрғыны Алмасбек Садырбаев Павлодар облысына жасаған сапары барысында Ақсу қаласына соғып, мұндағы көріністен шошынғанын айтып отыр. Қалада коммунизм көсемдеріне арналған аллея бар екен. Мұнда 12 коммунистің ескерткіші орнатылған.

Ақсу қаласына алғаш келген азаматтың қалай шошынғанын видеороликтегі эмоциядан оңай білуге болады.

«Астафиралла! Мұнда шайтандардың бейнесін қойып қойыпты. Қараңыздар! Міне, 12 қанішердің мүсінін қойып қойған. Тәуелсіз Қазақстан!» — дейді Алмасбек Садырбаев таңданысын жасыра алмай.

Ол өзінің Facebook-парақшасындағы жазбасында бұған қазақтардың өздері де кінәлі екенін меңзеді.

«Айтатын сөзім жоқ. Тəуелсіз елдің идеологиясының жетістігі осы болғаны ғой. Менде кінəлімін осыған. Жеткен жеріміз осы болды...» — дейді ол.

Айта кетейік, КСРО көсемдерінің ескерткіштері қойылған аллея Ақсу қаласының орталық саябағында орналасқан. Мүсіндердің әктеліп, боялғанына қарағанда жергілікті билік әліге дейін оларға күтім жасайтын болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары