Астанада соңғы жылдары бірнеше ірі ойын сауда орталықтары ашылды. Барлығы да зәулім, алыстан көз тартады. Әрқайсысында кішкентай балалардың ойнауына арналған түрлі алаңшалары бар.
Мұның бәрі жақсы әрине. Бірақ, сол ойын алаңшаларының ешбірінен қазақша ән тыңдай алмайсыз, барлығы дерлік не орыс, не ағылшын тілінде сарнап тұр. Елордалық тұрғын Азамат Көшенов өзінің Facebook-парақшасына осылай деп жазды. Оның пікірінше, бұл қазақстандықтардың заңды құқығын бұзу болып табылады екен. Елде үштұғырлы тіл саясаты жүзеге асып жатқанда қоғамдық орындардың барлығында да үш тілде ақпарат таратып, үш тілде көңіл көтерулері керек дейді ол. Оның үстіне ойын баласының тәрбиесіне де тікелей әсер ететіні сөзсіз.