$ 494.87  520.65  4.91

Халқы суға батып жатқан ШҚО әкімдігі Астананың мерейтойына 1 млрд теңгеге сыйлық жасамақшы

Астана мерейтойына сыйлық үшін Шығыс Қазақстан әкімдігі бір миллиард теңгедей қаражат жұмсамақ деп жазады sputniknews.kz.

Бұл қаражатқа жергілікті билік өкілдері елордада жарқырайтын әрі музыка ойнайтын фонтан орнатады. Ол шілде айында ашылатын Ботаникалық бақтың аумағында пайда болады.

"Фонтанның болжамды бағасы – 938 миллион 164 мың теңге", — деді ШҚО энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Алма Қайрақанова.

YK-News.kz басылымы жазғандай, үлгі ретінде Өскемен фонтанының құрылысы пайдаланылмақ болған. Алайда елорданың әкімдігіне бұл идея ұнамапты. ШҚО фонтанның аумағына тиіспей, тек субұрқақтың өзімен ғана айналысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары