09.04.2018, 09:14

Қазақстан қарулы қақтығыстар жиі болатын Ливанға 120 сарбазын жібереді

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров Қазақстанның Ливанға 120 әскериді жіберетінін мәлімдеді. Сарбаздар онда бітімгерлік миссиясын жүзеге асыратын болады деп жазады Tengrinews.kz.

Мәжіліс отырысына қатысқан вице-министр журналистерге сұхбат беріп, министрліктің бір ротаны Ливанға жіберу үшін дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты.

"Біз қажетті рәсімдердің бәрінен өттік, енді жекелей мәселелер ғана қалды шешімін таппаған. Оларды БҰҰ талап етіп отыр. Күзге дейін біз ротаны аттандырамыз. Шамамен 120 адам миссиялардың бірін орындауға кетеді. Алдын ала болжам бойынша олар Ливанға барады", - деді Талғат Мұхтаров.