Қызылордалық танымал YouTube-блогер Герман Дьяченко Сырдария өзенінің көзден ғайып болып бара жатқанын бейнекамераға түсіріп алды.
"Көз алдымызда өзен құрғап бара жатыр, күннен-күнге", - деп жазды ол.
Блогердің айтуынша, әсіресе соңғы жылы дарияның суы ұшты-күйлі көзден ғайып болған. Бұрындары мұндай апатты көрмегем дейді ол.
"Мүлдем құрғап кетті. Бұрын су мына бір жерге дейін болушы еді. Жағасы адамдар демалатын орын еді. Қазір түк қалмады", - деп күрсінді видео авторы.
Бейнероликке пікір қалдырған желі қолданушылары көктемгі суару науқаны басталғанда Сырдарияның өзені арнасынан жоғалатынын жазады. Десе де, Дьяченко 28 жыл бойы мұндай жағдай болмағанын айтуда.