$ 494.87  520.65  4.91

Қытайлықтарға визасыз режим енгізілгені туралы ақпарат жалған – ҚР СІМ

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ҚХР азаматтарына Қазақстанға кріуге визасыз режим енгізіледі деген ақпаратты жоққа шығарды. Мұндай мәлімет әлеуметтік желілерде тараған болатын.

"Қазақстан Қытаймен визасыз режим енгізу туралы келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Мессенджерлер арқылы таратылып отырған Қытай азаматтарына визалық режимді жою тәрізді ақпарат жалған, әрі арандатушылық сипатта", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Қазақстан үкіметі сәуір айының басында Қазақстанның Алматы мен Астана қалаларындағы халықаралық әуежайлары арқылы үшінші елге транзитпен өтетін Қытай және Үндістан азаматтарына 72 сағатқа дейін визасыз болу режимін енгізген. Бұл тәртіп 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшінде болмақ. Транзитпен өтетін Қытай және Үндістан азаматтарында қазақстандық әуе компанияларының жарамды билеттері болуы тиіс.

Еске салайық, күні кеше мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қытайдағы Қазақстан консулдығының алдында кезекте тізіліп тұрған ҚХР азаматтарының видеосы тараған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары