$ 494.87  520.65  4.91

«Бекболатпен шатастырма нақ»: Айгүл Орынбек қауіпсіздік комитетінен өзіне доқ көрсеткен Талғат Рысқұлбековті жазалауын сұрады (АУДИО)

Головкиннің жеңілісінен кейін Талғат Рысқұлбеков заңгер Айгүл Орынбекке «Көкпаршыларды сынағанда бәледейсің, неге жеңілген Головкинді жазбайсың?» деген сыңайда хабарлама жолдағанын блогер бұған дейін мәлімдеген болатын. Енді бүгін Рысқұлбеков заңгерге доқ көрсетіп, бейәдеп сөздерге толы аудиожазба жолдапты.

«Ей, сен маған хабарлас, шайтан е. 87783123309. Мен саған көрсетейін. Мені Бекболат Тілеуханмен шатастырма нақ. Біреудің орамалына жармасып, қыздардың артын ашқанға мәз боп, санын ашып жүрген сен сияқты... », - деген Рысқұлбековтің әр сөйлемі бейәдеп сөзбен аяқталады.

Айта кетейік, бұған дейін заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек өзбектерден жеңілген қазақ көкпаршыларын сынап, Facebook әлеуметтік желісіне бірнеше жазба қалдырған еді. Тіпті ҚР ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеуханның бұл қызметке лайық емес екенін айтқан.

Енді Айгүл Орынбек бұған ҚР Қауіпсіздік комитетінің тікелей араша түсуін сұрап отыр.

«ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов мырзаның назарына!

Жекеме келген хат, ар намысымды таптап «шайтан» дегені үшін, боқтағаны үшін кешенді сот филологиялық-психологиялық сараптама жасап, заңды түрде жазасын беруіңізді сұраймын.

Бұл кісі өзін ашық сәләфи екенін әлеуметтік желіде мойындаған.

Теологтар да сараптамадан өткізіп, қоғамға қауіпті болса, психикалық ауытқуы болса, бас бостандығынан шектеуді сұраймын!», - деп жазды ол желідегі парақшасына.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары