$ 448.15  483.46  4.86

Жамбыл облысының тұрғыны қызының есімін Назарбаевтың құрметіне Нұрәбіназ деп қойған

Жамбыл облысыныда Нұрәбіназ есімді қыз бала тұрады. Оның есімін елбасының құрметіне қойған деп хабарлайды Stan.kz Еуразия телеарнасына сілтеме жасап.

Жамбыл облысының тұрғыны қызына елбасының есімін берген. Нұрәбіназ мемлекет басшысының есімі, әкесінің аты мен тегінің қысқартылған түрі.

«Көпшілік атымды естігенде таңғалып жатады. Неге Нұрәбіназ, мағынасы қалай деп сұрайды. Есімімді әкем қойған екен. Назарбаевтың құрметіне осындай есім таңдаған», – дейді қыздың өзі.

Қазақстанда Елбасының құрметіне қойылған Нұрсұлтан есімі қаншама. Одан бөлек Экспо құрметіне Бәйдібекспо, Теңге, Мәңгілік, Нұротан, Нұрлыжол, Cаммит есімді ерекше есім қойғандар бар.

Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде 37 276 балаға Нұрсұлтан есімі берілген екен.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары