Астанада 4 ақпан күні қаза тапқан 5 қыз баланы елорда жұртшылығы ақтық сапарға шығарып салды.
Жаназаға қайғы жұтқан отбасының туған-туыстары, көршілері, достары және елорда тұрғындары қатысты.
Жаназа намазын оқыған имам сөзінен кейін марқұмдардың асы «Көктал» мейрамханасында берілетіні хабарланды.
Еске сала кетейік, 4 ақпанда Астанадағы аудандардың бірінде кенеттен шыққан өрттен 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылғы 5 қыз бала қаза тапты. Оқиға болған сәтте олардың ата-аналары үйде болмаған.