05.03.2019, 05:35

13 жасында тұрмысқа шығып, 12 бала тапқан шымкенттік әйелге 5 бөлмелі пәтер берілді

«Қарекет» қайырымдылық қоры Шымкенттегі 34 жастағы 12 балалы анаға баспана сыйлады. 

Айсұлу Жалилова қайырымды жандардың арқасында 5 бөлмелі пәтерге қол жеткізді. 

Қуанышты жаңалықты «Шаңырақ» бағдарламасынан естіген ана жақсылықтың жаршысы боп жүрген барлық ізгі жанға алғысын айтады.  

Айта кетейік, Қазақстанға Ираннан келген Айсұлудың ата-анасы бала күнінде қайтыс боп кеткен. Ал туыстары оны 13 жасында мәжбүрлеп тұрмысқа шығарған. 14 жасында әйел тұңғышын дүниеге әкеліпті.