Бүгінгі сөз 12.04.2019 сағат 06:46

«Көргенсіз, қалай қуанып жатыр?»: Соттан шыға бақырған Әлімбекованы жұрт жерден алып, жерге салды (ВИДЕО)

ҚР ҚК-нің «Алаяқтық» бабы бойынша 6 жылға бас бостандығынан айрылған әнші Гауһар Әлімбекова күні кеше сотта ақталып шыққан болатын. Өнер иесінің сот залынан шыға салысымен бақырған сәті Instagram әлеуметтік желісіндегі  @qaz.stars тобында жарияланды. 

«Көргенсіз, қалай қуанып жатыр?»: Соттан шыға бақырған Әлімбекованы жұрт жерден алып, жерге салды (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

@aza.jagiparov есімді желі қолданушысы «Көргенсіз, қалай қуанып жатыр» десе, оған @alimbekovasa (Әлімбекованың туысы болса керек)«Фейк ашып алып, не деп отырсың» деп жауап берген. 

Сондай-ақ,  @nurgul.m.t есімді қолданушы «Ана әйел (авт.шағымданушы Назарова) сонда үйсіз, ақшасыз қалды ма?», – деп пікір қалдырған. 

 Еске салайық, елімізге танымал әндердің авторы, әнші Гауһар Әлімбекова 2019 жылдың 30 қаңтарында алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Көп ұзамай, әнші сот шешімі күшіне енгенше қолхатпен босатылған. Кейінірек әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын айтып берген еді. Адвокат сот үкімімен келіспейтінін және таяу арада апелляциялық сотқа арыз түсіретінін мәлімдеген. 

Айта кетейік, әншінің «Ақ келін», «Көктемге хат», «Жас келін», «Қыз сезімі», «Оралшы махаббат», «Ақмаралым» әндері жұртшылыққа кеңінен таралып, танымал болған. Оның әніне жазылған өлеңдерді танымал эстрада жұлдыздары орындаған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар