Бүгінгі сөз 13.04.2019 сағат 04:30

Жәнібек Әлімxанұлы АҚШ-та екі титулдық белбеуді жеңіп алды

ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) алғашқы титулдық айқасын өткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Жәнібек Әлімxанұлы АҚШ-та екі титулдық белбеуді жеңіп алды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында болған жекпе-жекте Жәнібек Әлімxанұлы Кристиан Оливаспен (16-4, 13 КО) жұдырықтасты. Ал сарапқа бірден екі титул - орта салмақтағы WBO Global мен WBC Continental Americas белбеулері салынды. Бірінші раундта екі боксшы бір-бірін зерттеп жүрді. Жәнібек Әлімxанұлы шегініп жүрсе де, бірнеше рет дәл соққы жасай білді. Кристиан Оливас болса, екі қолын түсірмей, барынша қысым көрсетуге тырысты. Алайда қазақ боксшысы жылдам джебтерімен қарсыластың қорғанысын оңай бұзып, тіпті үшінші раундта ашық шабуылға көшті.  Әдемі апперкоттары да өтті. Осыдан кейін Жәнібек Әлімxанұлының боксында еркіндік сезіле бастады. Қарсыласын айналып жүріп, соққының астына алды. Сериялық соққылардың қатты болғаны сонша, Кристианның артқа шегініп, сәл тәлтіректеп қалғаны байқалды. Осылайша, барлық он раундта Жәнібек Әлімxанұлының басымдығы айқын көрінді, жылдамдығы да баяулаған жоқ.   

Әділ қазылардың шешімімен қазақ боксшысы жеңімпаз атанып, екі бірдей белбеудің иегері атанды. Айта кеткен жөн, Жәнібек Әлімxанұлы кәсіби бокстағы 10 раундық жекпе-жегін алғаш рет өткізді. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар