$ 498.34  519.72  4.85

Астана атауын өзгертуге қарсы шыққаны үшін оқудан қуылған студент колледжге қайта оралды (ВИДЕО)

Астана атауын «Нұр-Сұлтан» деп өзгертуге қарсы болғаны үшін колледжден шығарылған 16 жастағы Дамир Молдағұл екі аптадан кейін оқуына қайта оралды. Колледж басшылығы студентті «ҚДТ митингісіне қатысып, президентке қарсы шыққаны үшін оқудан шығарған», деп жазады Азаттық.

Алматы қаласы шет тілдер колледжінің 1-курс студенті Дамир Молдағұл 22 наурызда қала көшелерінің бірінде он шақты адам жиналған жерге барып, Астана атауын өзгертуге қарсы ойын айтқан еді. Дамир Молдағұл мен анасы Мейрамгүл Жанұзақованы осы жерден полиция алып кетіп, бірнеше сағат ұстаған. Кейін оны өзі оқып жүрген колледж оқудан шығарған.

«Астана атауын өзгерту жайлы өз ойымды айттым. Мені [полиция] алып кетеді, соңынан осылай [оқудан шығарып жібереді] деп ойламадым. Полиция колледжге хабарлаған. 27 наурызда колледжге ата-анамды шақыртып, оқудан шығарды. Өз басым, [Астанаға] басқа адамдардың атын берсе болады деп ойлаймын. Мысалы, Керей мен Жәнібектің есімін берсе болар еді. Ал Назарбаевтың атын Қаскелеңге берсе, қарсы емеспін», – дейді Дамир Молдағұл.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары