Бүгінгі сөз 06.05.2019 сағат 05:19

Альварес Головкинді тағы бір мәрте жеңетінін мәлімдеді

Мексикалық кәсіпқой боксшысы Сауль «Канело»  Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші мәрте шаршы алаңға шығуы жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлайды sport.kz.

Альварес Головкинді тағы бір мәрте жеңетінін мәлімдеді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Қазір мен мықты боксшылармен шығуға дайынмын. Головкинмен үшінші мәрте шаршы алаңға шығу? Неге болмасқа?! Егер біз тағы да жұдырықтасатын болсақ, мен оны міндетті түрде жеңемін. Өйткені мен нағыз чемпионмын», - деді «Канело».

Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойяның айтуынша, GGG Деметриус Андраданы жеңген жағдайда, Альвареспен қайта абсолюттік әлем чемпионы атағы үшін үшінші жекпе-жектің болуы әбден ықтимал.

«GGG мен Канелоның үшінші шайқасы? Әбден мүмкін. Егер Головкин кезекті жекпе-жегінде жеңіске жететін болса, тек сонда ғана екі боксшы қайта айқасады. Алайда, бұл мезетте қос спортшының өкілдері ортақ келісімге келулері тиіс», - дейді Де Ла Хойя.

Естеріңізге сала кетейік, Альварес пен Головкин бұған дейін екі рет кездескен. 2017 жылдың қыркүйегінде екеуі тең ойнаса, бір жылдан кейін болған ремачта төрешілер жеңісті мексикалық боксшыға берді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар