Бүгін таңнан бері Абай даңғылының бойын түсініксіз сасық иіс басты. ҚР ІІМ ТЖК-нің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов осыған қатысты түсініктеме берді.
Нұрсұлтан Нұрахметовтың айтуынша, 16 мамыр түнгі 2 шамасында Қарасай ауданына қарасты Әйтей ауылынан 7 шақырым қашықтықта орналасқан қоқыс полигонында шамамен 1 гектарды құрайтын аумақтағы қатты-тұрмыстық қалдықтар өртенген.
Зардап шеккендер жоқ. Қазір бір шақырым аумақты шарпыған отты сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: NUR.KZ