Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев сауда үйінде кәмелет жасына толмаған қызды зорламақшы болған күдіктіні ұстап берген күзетшіні марапаттады деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Серік Күдебаев "Вымпел Секьюрити Казахстан" ЖШС қызметкерлері Махмұтәли Тұрсын мен Нұртілеу Еркебұлан көмек сұраған аумаққа уақытылы барғанын, күдіктіні ұстағанын жеткізді.
Оның сөзінше, күзетшілер баланың өмірін құтқарып, қылмыскердің жолын кесті.
Күдебаев екі жігітке де алғысын айтты.
Махмұтәли Тұрсын мен Нұртілеу Еркебұлан "Қазақстан полициясына 25 жыл" төс белгісі мен алғыс хатқа ие болды.
Еске сала кетсек, MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығында белгісіз ер адам әжетхана бөлмесінде кішкентай қыздарға тиісті.