Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзінің Instagram парақшасында әлем мұсылмандарын АҚШ-тан төнген қауіпке қарсы тұру үшін бірігуге шақырды.
"Өткен-кеткен реніштерді ұмытып, жаңа күш жинап, АҚШ-тың ислам әлемін жоюға бағыттаған күшіне қарсы тұру үшін барша мұсылман бауырларды бірігуге шақырамын. Мен соңғы сәттерде барлық өрбіп жатқан жағдайлардың жақсы жаққа қарай өзгеретініне сенімдімін. Ол үшінарамыздағы біреуіміз батылдық жинап, Америка мен оның жақтастарына "жоқ" деп айта алуы керек, оның артынан өзге мұсылмандар ереді" дейді Рамзан Қадыров әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол мұсылмандарды соғысуға шақырып жатпағандығын да айта өткен.
Айта кетейік, қараша айының ортасында, Париждегі лаңкестік оқиғалардан кейін Шешенстан көшбасшысы ислам әлемін бірігуге шақырған болатын. Ол кезде Қадыров АҚШ-қа қарсы емес, "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымына қарсы бірігу туралы айтқан еді.