20.11.2019, 07:39

Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде үздіктер қатарына кірді

Фото: Prosports.kz
Жәнібек Әлімханұлы рейтингіде 7 сатыға көтеріліп, 6-орынға тұрақтады.

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) WBO жаңартылған рейтингінде жоғары көтерілді, деп жазады prosports.kz.

Жәнібек Әлімханұлы рейтингіде 7 сатыға көтеріліп, 6-орынға тұрақтады. Үздік үштікке америкалық Дэниэл Джейкобс, поляк Камил Шеремета және украиналық Сергей Деревянченко кірді.

Айта кетейік, 10 қараша күні Жәнібек Әлімханұлы канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) жеңіп, орта салмақта WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерін қорғап қалды.