$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандағы бизнестің дамымауы инфрақұрылымның нашарлығынан – Питер Хоуи

Өткен аптада еліміздегі Теңіз кен орнындағы өндіріс көлемі жылына 26 млн тоннадан 38 млн тоннаға дейін ұлғаятыны айтылған. Мәселеге қатысты бүгін, қаңтардың 13-күні Назарбаев Университетінің профессоры Питер Хоуи World Politics Review сайтына сұхбат беріпті.

WPR: Қазақстан экономикасы үшін шикізаттың маңызы қандай? Шикізат бағасының арзандап жатқаны ел экономикасы мен ондағы саяси тұрақтылыққа қалай әсер етуде?

Питер Хоуи: 2000 жылдан бері мұнай мен газ индустриясы Қазақстан экономикасының қозғаушы күшіне айналды. 2013 жылы көмірсутегі қорлары Қазақстан экспортының 64 пайызын, жалпы ішкі өнімнің 12 пайызын, ал мемлекеттік жалпы табыстың 47 пайызын құрады. 2015 жылы мұнай бағасының құлдырауына байланысты Қазақстан бюджеті 40 пайызға кеміді. Өткен жылдың тамыз айынан бері билік теңгені еркін айналымға жіберді. Нәтижесінде долларға шаққандағы теңге курсы 50 пайызға, ал инфляция 13.5 пайызға жетті. Теңгені еркін айналымға жібергенге дейін мемлекет курсты ұстап тұру үшін 2014 жылдың қаңтар айынан 2015 жылдың тамызына дейін 40 миллион доллар жұмсады. 

Осыған қарамастан, Нұрсұлтан Назарбаевтың билігі саяси тұрақтылыққа ие, себебі елдегі саяси әр алуандылық белгілі бір деңгейде қатаң шектелген. Ал, экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұынғы Кеңес одағы құрамындағы мемлекеттерден құралған Еуразиялық одақ арасында бәсекелестік үшін теңгенің девальвациясы бәсекелестікті арттыру үшін қолайлы екені айтылуда. Сонымен қатар, биылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен шәкіртақы өсірілді. 

WPR: Шикізаттың қымбат кездінде инфрақұрылымды дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешу және кедейшілікті жою үшін Қазақстан мемлекеттік табысты өз деңгейінде пайдалана алды ма?

Питер Хоуи: Кедейлікпен күресу үшін Қазақстан 1999 жылдан бастап мұнайдан түскен табысты ауылшаруашылық субсидияларына, қалаларды дамыту бағдарламалары мен ірі жобаларды қаржыландыруға бағыттады. Нәтижесінде кедейшілік деңгейі ел бойынша 2004 жылы 34 пайыздан 2013 жылы 3 пайызға, ал ауылдық жерлерде 47 пайыздан 5 пайызға азайды. 

Дегенмен, инфрақұрылымдық мәселелер әлі күнге дейін отандық кәсіпорындардың ішкі және сыртқы нарықтағы басты кедергісі болып отыр. 2007 жылдан бері мемлекет инфрақұрылымға салынатын қаражат көлемін үш есеге дейін арттырды. Оның ішіне тасымал, коммуникация, электр желісі, көгілдір отын мен су секторы инфрақұрылымы кірді. Қалай болғанда да, мұнай мен газ саласынан басқа салалар инфрақұрылымы әлі де болса күн тәртібінен түскен жоқ. 

WPR: Экономиканы әртараптандыруда Қазақстан қандай деңгейде?

Питер Хоуи: Қазақстандағы экономиканы әртараптандыру саясаты 1997 жылдан бастау алады. Теңгенің құнын белгілеуде шикізат ресурстарына деген тәуелділік басқа салаларға кесірін тигізгендіктен, қазірде экономиканың назардан тыс қалып қойған салаларына капитал құю қолға алынуда. Алайда, мемлекеттің араласуы ел экономикасына тиімді деген сенім әлі де болса жоқ емес. 

2010 жылдан бері Қазақстан дәстүрлі секторларға, атап айтар болсақ, мұнай, газ, метал мен ауылшаруашылығы экспортына қайта назар аудара бастады. Бүгінде мемлекет отандық өнімнің ішкі нарық пен Еуразиялық одақ ішіндегі сатылымына көңіл бөлуде. 

Осынау бағдарламалардың өзімен Қазақстан экономикасы мұнай мен газ тәуелділігінен арылған жоқ. БҰҰ-ның Сауда және Даму жөніндегі Экспорттық Шоғырландыру Индексі бойынша 2014 жылы Қазақстан экономика әртараптылығының төмендігі жағынан 217 елдің ішінде 24 орыннан көрінді.

Әзірлеген Бауыржан Мұқанов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары