$ 494.87  520.65  4.91

Түркия Алматы маңындағы ұшақ апатына байланысты қазақстандықтарға көңіл айтты

Анкара қаласында қайтыс болғандардың рухына Құран оқылды.

Түркия Республикасының Сыртқы істер министрлігі Алматы маңындағы ұшақ апатына байланысты қазақстандықтарға көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Бүгін, 27 желтоқсан күні таңертең Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтанға бет алған ұшақтың апатқа ұшырағанын және ұшақ бортындағы адамдардың жарақат алып, қаза тапқанын естіп, қатты қайғырдық. Дос және бауырлас Қазақстан халқының қайғысына ортақтасып, апатта қаза болғандарға Алладан рақым тілейміз. Олардың жақындарына көңіл айта отырып, сабыр тілейміз. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіреміз», делінген Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары