$ 443.37  474.49  4.83

NASA ғарыш агенттігі Марстағы өмірді зерттейтін жаңа апаратты көрсетті

Ал жаңа аппаратқа әлі ат беріле қоймаған. Ол өз атауын келесі жылдың бас кезінде алады.

АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігі Марстағы өмірді зерттейтін жаңа апаратты көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ол қызыл ғаламшарға келесі жылдың шілде айында аттандырылмақ. Аппарат Марстағы тіршілік іздерін зерттеумен бірге келесі экспедицияға қажетті үлгілерді жинайтын болады. Ол сапар адамдардың қатысуымен жүзеге асырылады. Ал жаңа аппаратқа әлі ат беріле қоймаған. Ол өз атауын келесі жылдың бас кезінде алады.   

Айта кетейік, бұған дейін Қызыл ғаламшарды зерттеуге «Соджорнер», «Спирит», «Оппортьюнити» және «Кьюриосити» аппраттары аттандырылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары