$ 442.05  474.14  4.74

Қазақстанға келген дағдарыстың депутаттарға қатысы жоқ па?

20 наурызда Қазақстан халқы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлағалы отыр. Ал, мұнан кейін бастары Астанада қосылатын Мәжіліс депутаттарының бәріне бір-бір қызметтік көліктен және елорда орталығындағы "Нұрсая" элиталық тұрғын үй кешенінен бір-бір пәтерден беріледі. Барлығы да мемлекет есебінен. Сондай-ақ, халық қалаулыларының көмекшілеріне берілетін жалақыны да мемлекет төлейтінін айта кету керек.

Мемлекет депутаттарға жаратып жатқан қаржысын аз көрсе керек, алдағы сайлау біткеннен кейін билік тағы жарты миллион долларын мәжілісмендерге жұмсамақшы. Атап айтар болсақ, "Нұрсаядағы" пәтерлер бас-басына үлестіріліп біткенше депутаттар Астана төріндегі 5 жұлдызды "Пекин Палас" қонақ үйінде тұратын болады.

ҚР Парламентінің шаруашылық басқармасы бұған дейін Мемлекеттік сатып алулар порталында депутаттарды уақытша жайғастыру үшін қонақ үй керектігін мәлімдеп, арнайы байқау жариялаған болатын. Лот құны - 169 713 392,86 теңге. Байқауды 3,5 пайыз жеңілдік жасаған «Солакс» компаниясы - «Бейжің сарайы» қонақ үйінің иесі жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстан халқын алқымнан алған қаржылық дағдарыс депутаттарды айналып өткенін аңғартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары