$ 443.37  474.49  4.83

ҰБТ-ның бірінші күні алматылық 3 бала 125 балдан жинады

Кеше елімізде Ұлттық біріңғай тестілеу науқаны басталды. Биыл бұл білім сынағына қатысуға республика бойынша 87 мыңға жуық түлек өтініш берген. Олар облыс орталықтарынан және Астана мен Алматы қалаларынан ашылған 165 пунктте тест тапсырады.

Түлектердің алғашқы легі сынақтан кеше өткен. Алматы қаласында ең жоғарғы көрсеткішке үш бірдей бала қол жеткізіп отыр. Яғни, олар мүмкін болған 125 ұпайдың барлығын жинаған. Жалпы, "оңтүстік астанадағы" түлектердің көбі кеше жоғары көрсеткішпен көзге түсті. Араларында шектік 50 балды жинай алмағандары да аз емес. Дегенмен, оларға қайта мүмкіндік берілетінін айта кету керек. Яғни, ҰБТ-дан сүрінгендер ақылы түрде қайта тест тапсыра алады.

Айта кетейік, Ұлттық біріңғай тестілеу 2-15 маусым аралығында өтеді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, биыл аталған науқанға 86 991 бала қатысуға өтініш берген. Бұл барлық мектеп бітірушілердің 72 пайызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары