$ 494.87  520.65  4.91

Венгр ғалымдары Кейкі батырдың бет-бейнесін анықтамақ

Кейкі батырдың бас сүйегін зерттеп жатқан венгр ғалымдары тұлғаның көзі тірісінде бет-бейнесі қандай болғанын анықтамақ. Жаратылыстану ғылымдары музейінің өкілдері қазір бас сүйектің реконструкциясымен айналысуда деп жазады Tengrinews.kz.

Еске салайық, 13 қазанда Будапешт қаласына Нұрмағамбет Көкембайұлының бас сүйегі жеткізілген болатын. Онда антропологиялық әдіспен тарихи тұлғаның тірі кезіндегі түрін анықтау жұмыстары жүргізіледі. Музей мамандарының айтуынша, бас сүйек үш өлшемді (3D) суретке түсіріліп, сынып талқандалған бет сүйегінің кескіні әзірленеді. Осылайша Кейкі батырдың алған жарақаты және оның өлімі туралы нақты деректер де жарыққа шықпақ. Атқарылатын жұмыстар жайында венгр ғалымдары бүгін Будапештте өтетін брифингте айтып береді.

"Бас сүйек үш өлшемді зерттеуден өтіп, ДНҚ-сынамалары алынған соң Қазақстанға қайтарылады. Елге жеткізілген соң батырдың сүйегі туған жері Торғайда арулап жер қойнауына тапсырылмақ. Сондай-ақ, осы өңірде оған арнап ескерткіш орнатылатын болады", - деді Венгрия музейінің өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары