$ 494.87  520.65  4.91

Руслан Күлекбаевпен бірге сотталып жатқан 5 адамның Алматыдағы терактіге қатысы жоқ - адвокат

Алматыда 6 адамды атып өлтірген лаңкес Руслан Күлекбаевтың соты жалғасуда. Басты күдіктіден бөлек бұл процесте тағы 5 адамның ісі қаралып жатқаны белгілі. Олардың қорғаушыларының мәліметінше, бесеуінің де Алматыдағы лаңкестікке қатысты жоқ.

"Менің қорғауымдағы Ербол Құсайыновтың ол оқиғаларға қатысы жоқ. Сондай-ақ, Күлекбаевтан өзге сотталып жатқандардың да терактіге қатысы жоқ", - дейді қорғаушы Шамен Жалкенов.

Құсайынов Күлекбаевпен бірге Алматыда Мещеряков есімді кәсіпкерді тонады деп айыпталуда. Дегенмен, оның адвокаты бұл айыпты да жоққа шығарып отыр. Заңгердің айтуынша, Мещеряковты тонаған сәтті көршілері көрген, олар Күлекбаевтың жалғыз болғанын айтыпты.

Ербол Құсайынов 1984 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Руслан Күлекбаевпен бірге қылмыстық топтың құрамында болғаны анықталыпты. 2009 жылдан бері ол да салафизм ағымының жетегінде. Бұған дейін қылмыс жасаған.

Естеріңізге салайық, биыл 18 шілде күні Алматыда Руслан Күлекбаев полиция бөлімшесіне шабуыл жасап, 6 адамды атып өлтірген болатын. Олардың 4-і - полцей, екеуі - қарапайым тұрғын. Тағы 9 адамға оқ тиіп, ауыр жарланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары