АҚШ Президенті Дональд Трамп ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған хатында не жазғаны белгілі болды. Хатты Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Президенттікке үміткерлерді тіркеу мерзімінен бұрын тоқтатылды. Енді 11 мамыр күні сағат 18.00-ден бастап кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт жүргізу кампаниясы басталады, деп хабарлайды Алтайньюс.
Биыл Отан қорғаушылар күніне арналған әскери парад болмайды. Қарулы күштердің бөлімшелері дайындықтарын оқу-жаттығу кезінде көрсетті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанның ресми сауалына.
ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы құрылды. Бұдан бөлек, үгіт-насиxат шаралары кезінде қалалық, облыстық және аудандық штабтар жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Украинаның орталық сайлау комитеті президенттік сайлаудың екінші кезеңінің ресми нәтижесін жариялады. Қорытында бойынша әзілкеш әрі шоумен Владимир Зеленский ресми түрде жеңімпаз атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.