$ 498.34  519.72  4.85

Назарбаев істі болған шенеуніктердің әрекетін сатқындыққа теңеді

Бүгін Астанада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Мемлекет басшысы істі болып жатқан ірі шенеуніктер үшін тым қатты алаңдаулы екенін айтты.

"Біздегі реформалардың барлығы түгел қаржыландырылған. Ақша трилиондап бөлініп жатыр. Есесіне, Есеп комитеті былтыр 160 миллиард теңгені құрайтын қаржылық заңсыздықтарды анықтады. 47 жауапты тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 223-і тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Құқық қорғау органдарына жолданған материалдарда есеп жоқ", - деді Президент отырысқа қатысушыларға.

Осылай деген Елбасы ҚР Мемлекттік қызмет және сыбайлйас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің төрағасынан 2016 жылы қанша шенеуніктің жауапкершілікке тартылғанын сқрады.

Өз кезегінде Қайрат Қожамжаров "2900 жауапты тұлға" деп қысқа қайырды.

"Біз оларды тәрбиеледік, тәжірибе бердік, Болашақ бағдарламасымен оқыттық, ал олар осының бәрінен кейін түрмеге түседі. Менің ойымша бұл мемлекеттің сеніміне деген сатқындық. 2900 адам тергеліп жатыр, сонда да бұлар тоқтамайды", - деген Президент істі болған шенеуніктер үшін өкінетінін білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары