$ 442.05  474.14  4.74

Қарағанды облысының әкімі ауысуы мүмкін

Бұған дейін Sayasat.org порталы еліміздегі бірнеше облыстың әкімдері алмасады деген саяси болжамын жасаған болатын. Атап айтқанда, Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің орнына Премьер-министр кеңсесінің жетекшісі Ерлан Қошанов барады деп айтылған.

Портал сарапшыларының осынау болжамы бүгін орындалуы мүмкін. Өйткені, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев дәл қазір жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді. Бұл туралы Ақорданың Twitter-парақшасында жазылған.

Сонымен қатар, "Саясат" порталының дереккөздеріне сенсек, Маңғыстау облысы әкімі Алик Айдарбаевты "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед, Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагинді ҚР Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Құмар Ақсақалов алмастыруы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары