$ 448.15  483.46  4.86

Қазақстан қазіргі даму деңгейімен 2050 жылға дейін дамыған 30 елдің қатарына қосыла алмайды

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Қазақстан экономикасы дәл қазіргі даму қарқынымен 2050 жылға дейін дамыған 30 елдің қатарына кіре алмайды. Бұл жайында ол бүгін Астанада өткен баспасөз мәжілісінде айтты.

Оның айтуынша, елімізде жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім көрсеткіші 25 мың долларды құрайды екен. Ал, межелі отыздыққа ену үшін бұл көрсеткіш 60 мың долларға жетуі керек.

«Біздің есебімізге сәйкес, еліміздің қазіргі 3-3,5 пайыздық экономикалық өсімімен 2050 жылға дейін дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру мүмкін емес. Сол себепті экономикалық дамудың жаңа моделін қолға алу қажет. Сөйтіп, отандық экономиканың бір жылдық орташа өсімін 5-6 пайызға дейін жеткізу керек», - дейді министр.

Оның айтуынша, экономикалық дамудың жаңа моделі аясында өндіріс пен ауыл шаруашылығын барынша дамыту қажет. Бұдан бөлек, ірі кен орындарын игеруді жалғастырған жөн. Жалпы, отандық өнеркәсіптерді теxнологиялық жағынан жаңғырту шараларын жалғастыра беру керек. Аталған міндеттердің бәрі Президенттің биылғы Жолдауында да көрсетілген.

Дереккөз: Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары