Қазақстандық депутаттардың жалақысы өсті деп хабарлайды Today.kz. Биліктегі өз дереккөзіне сілтеме жасаған портал тілшілері 1 наурыздан бастап Мәжіліс депутаттарының айлық-жалақысы 30 пайызға артқанын мәлімдеп отыр.
Бұл ақпаратты депутаттар Бақытбек Смағұлов пен Екатерина Никитинская да растаған.
"Иә, жалақымыз өсті. Біз бұған дейін үкімет мүлеренінен аз айлық алатынбыз. Сондықтан бұл мәселені көтерген болатынбыз. Өйткені, халықаралық тәжірибеде депутаттар ең жоғары саяси қызметкерлердің бірі болып есептеледі. Біздің жалақымыз коммерциялық жүйедегі секілді емес, мемлекеттік қызметтегі жүейдегідей үстемемен беріледі", - дейді Екатерина Никитинская.
Әзірге депутаттардың жалақысы қанша пайызға өскені нақты белгілі емес, кейбір деректерде 30 пайыз, өзгелерінде 50 пайыз деп көрсетілген.
Портал тілшілерінің мәліметінше, Мәжіліс депутаттарының бәрі бірдей жалақы алмайды екен. Оларға жұмыс істейтін комитеттеріне байланысты әртүрлі үстемелер төленеді. Жалпы алғанда, мәжілісмендердің орташа жалақысы бұған дейін 500 мың теңгені құрап келген.