$ 498.34  519.72  4.85

Бақытжан Сағынтаев Алматы облысының кәсіпкерлерімен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында Аймақтық кәсіпкерлер кеңесінің мүшелерімен кездесіп, олармен жаппай кәсіпкерлікті дамыту, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту, экономиканы қайта реттеу және ырықтандыру, экономиканың жаңа салаларын, жаңа индустрияларды, сервистік экономика мен «қарапайым заттар» экономикасын ендіру мәселелерін талқылады. Бұл жайында Премьер-министрдің ресми сайтында жазылған.

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстанның үшінші жаңғыруын жариялап, үш маңызды жаңарту процесіне - саяси реформаға, экономиканы жаңғыртуға және сананы жаңғыртуға бастамашы болғанын атап өтті, мұның бәрі еліміздің алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына енуі жолында сапалы дамуын қамтамасыз етеді, деп атап өтті Премьер-Министр Б. Сағынтаев. 

Ел Үкіметі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардағы сатып алуларда жергілікті мазмұнның үлесін арттыру үшін одан әрі жұмыс істей береді. Атап айтқанда, отандық тауар өндірушілер үшін индустриялық сертификат енгізіледі, оны иеленгендер «Самұрық-Қазына» АҚ ҰК компаниялары үшін өнімдерді жеткізуге қатыса алады.  

Сонымен қатар кәсіпкерлерге қаржылық және заңнамалық қолдау көрсету бойынша жұмыстар жүргізіліп, бизнес үшін тексерулер мен рұқсаттар азайтылып жатыр, сонымен қатар мемлекеттің ел экономикасына қатысу үлесі төмендетілуде.  

Кездесу аясында Алматы облысының әкімі А. Баталов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Т. Шотанов сөз сөйлеп, ШОБ дамыту, ең алдымен ұзақ мерзімді несиелендірудің қолжетімділігі проблемаларын көтерді. Алматы облысы аймақтық кеңесінің төрағасы Р. Салықова ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мәселесін көтерді, өйткені аймақтағы 118 мыңға жуық ШОБ субъектілерінен 95 (80%) мыңға жуығы АӨК саласына тартылған.   

Өз кезегінде АКП кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлықпен күрес Кеңесінің төрағасы Б. Файзулин сот процестері кезіндегі кәсіпкерлік мүдделерін қорғау және әкімшілік кедергілерді одан әрі төмендету қажеттігі мәселелеріне көңіл аудартса, «Қасанжар» ЖШС бас директоры Ж. Сарғалдақов мал шаруашылығы өнімдерінің экспортына байланысты мәселені көтерді.  

«Хильниченко А.В.» ЖК басшысы А. Хильниченко, Алматы облысының ішкі туризмді дамыту қауымдастығының төрағасы Р. Хакимов пен «Геодезия сервис» ЖШС бас директоры, Алматы облысының жобалық, жобалық-іздену ұйымдары қауымдастығыныңтөрағасы А. Аникин Алакөл, Балқаш және Қапшағай туристік аймақтарындағы ішкі туризмді дамыту бойынша қордаланған мәселелер мен атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. 

«ТК-Метакон» ЖШС директоры П. Сребный, «Дорпласт-инвест» өндірістік компаниясы» ЖШС директоры А. Хачатрян энергия қуаттылығының тапшылығымен, бірқатар мемлекеттік сатып алулар конкурстарының ашық еместігімен, сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асырылуымен байланысты мәселелерге тоқталды.

Кездесу қорытындылары бойынша Б. Сағынтаев жауапты мемлекеттік органдарға барлық аталған мәселелерді қарастырып, оларды бақылауға алуды тапсырды. 

Айта кетейік, аймақтарға жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі бизнеспен кездесулер өткізуге ерекше көңіл бөледі, мұндай жүздесулер аясында ол кәсіпкерлікті қолдау бойынша Үкіметтің жүргізіп отырған жұмыстарын түсіндіреді. ҚР Президенті Н. Назарбаев өзінің үшінші жаңғыру туралы Жолдауында бизнестің елдегі экономикалық өсімнің қозғаушы күшіне айналуы керектігін айтты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары