$ 443.85  474.3  4.8

Алдағы Сенат сайлауында 16 депутат мандатын жоғалтпайды

Биыл 28 шілдеде елімізде Парламент Сенатының депутаттарын сайлау науқаны өтетіні белгілі. Осынау саяси науқанда 16 депутат өздерінің мандаттарын сақтап қалмақ. Бұл туралы Қазақпарат тілшілері хабарлап отыр.

Порталдың мәліметінше, 2014 жылғы қазанда сайланған депутаттардың өкілеттігі жалғасады.  Атап айтқанда, олар: Әкімов Рашит Қайыржанұлы (Ақмола облысынан), Тағымов Марат Мырзағалиұлы (Ақтөбе облысынан), Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы (Алматы облысынан), Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы (Атырау облысынан), Плотников Сергей Викторович (ШҚО-дан), Жолдасбаев Мұратбай Сматайұлы (Жамбыл облысынан), Мұқаев Ерболат Рахметұлы (БҚО-дан), Ершов Сергей Михайлович (Қарағанды облысынан), Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы (Қызылорда облысынан), Еламанов Бекмырза Қайыпұлы  (Қостанай облысынан), Бортник Михаил Михайлович (Маңғыстау облысынан), Көбенов Манап Шарапиденұлы (Павлодар облысынан), Перепечина Ольга Валентиновна (СҚО-дан), Бектаев Әли Әбдікәрімұлы (ОҚО-дан), Мұқашев Төлейбек Төлеуұлы (Алматы қаласынан), Жақсыбеков Серік Рыскелдіұлы (Астана қаласынан).

Кандидаттарды ұсыну 29 сәуірде басталып, 28 мамырда аяқталады. Сайлау 28 шілдеде өтеді. ОСК деректеріне сәйкес, 15 мамырда 83 кандидат ұсынылды. Өзін-өзі ұсынғандар - 76, қалғаны - аудандық, қалалық және облыстық мәслихаттар ұсынғандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары